Бір жұмыртқа үшін 3 теңге мөлшерінде субсидия беріледі
2022 жылғы 22 маусым 10:28

Бір жұмыртқа үшін 3 теңге мөлшерінде субсидия беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық фермерлер 1 шілдеден бастап, бір жұмыртқа үшін 3 теңге мөлшерінде субсидия алуға өтінім бере алады. Бұл туралы ҚазАқпарат АШМ сілтеме жасап хабарлайды.

«Жұмыртқа шығаратын құс фабрикалар 1 шілдеден бастап, бір жұмыртқа үшін 3 теңге мөлшерінде субсидия алуға өтінім бере алады. Биыл тағамдық жұмыртқаны субсидиялауға республикалық бюджеттен 6,5 млрд теңге жұмсалды», - делінген хабарламада.

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанда құстардың саны 3,7% - 47,1 млн басқа дейін өсті.

Тауық жұмыртқасының өндірісі 12,1% артып, 1559,5 млн дананы құрады.

Ішкі нарықтың тағамдық жұмыртқамен қамтамасыз етілуі 100% құрайды.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT