Бір жасар қыз түнгі серуеннен кейін Екібастұз ауруханасына түсті

None
None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – 1 қаңтарда түнгі сағат екіде үсіп қалған сәби жедел түрде ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтем жасай отырып хабарлайды.

Жедел жәрдем қызметіне қоңырау Солнечный ауылынан түскен.

«Сәбидің анасының айтуынша, 1 жасар қызды түнгі сағат 22:00-де аулаға серуендету үшін шығарған. Үйге келген соң оның оң қолы ісіп тұрғанын байқап, жедел жәрдем қызметін шақырған. Жедел жәрдем қызметі бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қыз баланы травматология бөліміне жеткізген. Ол жерде сәбидің оң жақ қолының саусақтары үсіп қалғанын анықтап, жедел түрде ауруханаға жатқызған. Оған «оң қолдың I-II-IIIA дәрежелі үсігі» диагнозы қойылды. Жағдайы орташа деңгейде. Қазір ол травмотологиялық бөлімде жатыр», - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, 1 қаңтарда осыған ұқсас басқа да оқыс жағдайлар болған. Баспасөз хабарламасында жазылғандай, сағат 14:20-да петарданың жарылуы салдарынан 12 жастағы ер бала зардап шеккен. Оның оң қолын бірінші дәрежелі күйік шалып, Екібастұздағы қалалық ауруханаға жеткізілген.


Соңғы жаңалықтар