Бір жарым жылда монополистерге 1,3 млрд теңге айыппұл салынған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті коммуналдық қызмет монополистеріне 1,3 млрд теңге айыппұл салған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде комитет төрағасының міндетін атқарушы Асхат Жапсарбай осындай ақпарат айтты.

Асхат Жапсарбай 2020 жылы Табиғи монополияларды реттеу комитеті монополист субъектілерге қатысты әкімшілік істер бойынша 412 қаулы шығарып, 1,006 млрд теңге айыппұл салғанын, ал 2021 жылдың 6 айында субъектілерге 332,8 млн теңге айыппұл тағайындағанын баяндады.

«Табиғи монополия субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау шеңберінде 2020 жылы 390 ұйғарым енгізілді. Оның ішінде 244 ұйғарым орындалды. Ал 2021 жылдың алғашқы жартысында 270 ұйғарым енгізіліп, 162-сі орындалды», - деп атап өтті ведомство басшысының м.індетін атқарушы.


Соңғы жаңалықтар