Бір түнде 300-ден астам көлік қар құрсауында қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен түнде 300-ден астам көлік жүргізушісі жолаушылармен бірге еліміздің тасжолдарында қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, түні бойы жолшылар мен полиция қызметкерлері еліміздің тасжолдарында кезекшілік атқарған. Күн райының қолдайсыздығына байланысты республикада 9 тас жолы жабылып, оларда шамамен 300 көлік қалған. Арасында жолаушылар мінген автобустар да бар.

«Абай облысында жолшылар жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге «Алматы-Өскемен» тасжолынан 100-ден астам жүк көлігі мен 45 жолаушысы бар 2 автобусты қар құрсауынан шығарып алып, діттеген жеріне жеткізді. Сонымен қатар, жанармайы қатып, жолда қалған жүк көліктерінің жүргізушілеріне де көмек көрсетті. Олар жылы арнаулы орындарға жеткізілді», - деп атап өтеді компаниядан.


Соңғы жаңалықтар