Бір топ журналистер Елбасының Алғыс хатымен марапатталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бір топ журналистер Елбасының Алғыс хатымен марапатталды. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тәуелсіздік күні қарсаңында елдігімізді нығайтып, егемендігімізді тұғырлы ету жолында аянбай еңбек еткен бір топ журналистер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғысымен марапатталды. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!», - деп жазды Айдос Үкібай twitter парақшасында.

Марапатталған журналистердің ішінде «Хабар» агенттігінің тілшісі Дархан Әбдіуақит, «Казахстанская правда» газетінің журналисі Юлия Магер, «ҚР Президенті ТРК» техникалық директоры Қайрат Мақажанов және «Назарбаев орталығының» техникалық-өндірістік қызметінің жетекшісі Ернар Ибрагимов, «Qazaqstan» арнасының тілшісі Әсима Бұхарбаева, «Алаш Медиа Групп» медиа-холдингінің бас директоры Батыр Қазыбаев бар.

Соңғы жаңалықтар