Бір топ Мәжіліс депутаты Алматы облысын аралап, халықпен кездесуде

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Жамбыл ауданына барған халық қалаулылары қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

176 мыңнан астам халқы бар ауданда әлі де шешімін таппаған өзекті мәселелер жеткілікті. Атап айтқанда көп балалы аналардың атаулы әлеуметтік көмек алу төңірегінде түсінбеушіліктер бар. Сондай-ақ ауыз су жүйесімен қамтылмаған, көшесіне асфальт төселмеген елді-мекендер бар. Жол құрылысы, көші-қон мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Депутаттар Үкіметке сауал жолдап, жергілікті атқарушы билікпен бірлесе оң шешім шығаруға сенім білдірді.

«Атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша көпбалалы аналар келіп жатыр. Заң жүзінде қалай екенін білмейді. Соның жолын көрсетіп жатырмыз. Мақсат - нақты-нақты мәселелерді осы жерде шешу. Шеше алмай қалған жағдайда депутаттық сауал жолдап, сол мәселелерді шешуге дайынбыз»,- деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Әлия Әбсеметова.


Соңғы жаңалықтар