Бір топ ақтөбелік «Халық алғысы» медалімен марапатталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Өңірдегі білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларындағы, сондай -ақ пандемияға қарсы күрестегі қажырлы еңбегі үшін 22 азаматқа «Халық алғысы» медалін табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Биыл бәрімізге де үлкен сынақ болды. Әлемді әлекке салған індет ел шетіне келгенде, оған қарсы тұруға бүкіл ел болып жұмылдық. Карантин режиміне көшіп, әдеттегіден тыс жағдайда жұмыс істеуге икемделдік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпті вирустың кең тарап кетпеуі үшін осындай күрделі, бірақ аса қажет шешім қабылдады. Дәрігерлеріміз білімі, тәжірибесінің арқасында қаншама адамның өмірін сақтап қалды. Халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қауіп - қатерге қарамай індетке қарсы күресу – нағыз патриотизмнің көрінісі деп санаймын. Өздеріңіздей азаматтар бүгінгі күннің шынайы батырларына Халқымыздың алғысы шексіз», - деп атап өтті аймақ басшысы О.Оразалин.

«Халық алғысы» медалімен Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Әлимағанбетов, Ақтөбе қаласы әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Вячеслав Бикмұханов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Дүйсенбаева, «Жайсаң» шекара бақылау бөлімшесінің кіші бақылаушысы Арслан Оразов және тағы да басқа әртүрлі сала мамандары мен кәсіпкерлер, еріктілер тобының жетекшілері марапатталды.


Соңғы жаңалықтар