Бір тәулікте коронавирусқа 140 адам шалдықты – министрлік

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен бір тәулікте Қазақстанда коронавирус 140 адамнан анықталды. Коронавирус пневмониясына шалдыққандар тіркелген жоқ. ҚазАқпарат бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жалпы 6 желтоқсандағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан - 1 183 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан - 191 (КВИ-), барлығы 1 374 адам емделуде. Олардың ішінде 191 пациент стационарда, 1 183 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 5 адамның жағдайы ауыр,
- 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

6 желтоқсанға дейін Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналардың I компонентімен 10 849 289 адам, II компонентімен 10 613 754 адам егілді. Ревакциналанды – 5 669 940 адам.

Еске салайық, 4 желтоқсандағы бір тәулікте елімізде аталған індет 114 адамнан, коронавирус белгілері бар пневмония 3 адамнан анықталған болатын. Пневмониядан 1 адам қайтыс болды.


Соңғы жаңалықтар