Бір тәулікте коронавирус пен пневмонияға 70 адам шалдықты – министрлік

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен бір тәулікте Қазақстанда 60 адамнан – коронавирус, 10 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

16 қарашадағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде коронавиурстан – 584 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан - 163 (КВИ-), барлығы 747 науқас емделіп жатыр. Олардың ішінде 86 пациент стационарда, 661-і амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 5 адамның жағдайы ауыр;

- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр;

- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.



Соңғы жаңалықтар