Бір тәулікте коронавирус пен пневмония 97 адамнан анықталды – министрлік

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде бір тәулікте коронавирус инфекциясының – 93, коронавирус белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

11 ақпандағы мәлімет бойынша, қазір өңірлерде коронавирустан 1 670 адам (коронавирус (КВИ+) –1 508, пневмония (КВИ-) – 162) емделіп жатыр. Оның ішінде 137 пациент стационарда, 1 533 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 6 адамның жағдайы ауыр,

- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.


Соңғы жаңалықтар