Бір тәулікте коронавирус пен пневмония 70 адамнан анықталды – министрлік

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен бір тәулікте коронавирус инфекциясы – 65, коронавирус белгілері бар пневмония 5 адамнан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

12 сәуірдегі жағдай бойынша, ел өңірлерінде коронавирустан 1 795 адам (коронавирус (КВИ+) –1 607, пневмония (КВИ-) – 188) емделуде. Олардың ішінде 188 пациент стационарда, 1 607 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.


КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 2 адамның жағдайы ауыр.

Еске салайық, 10 сәуірде коронавирус инфекциясы – 54, коронавирус белгілері бар пневмония 7 адамнан анықталған болатын.


Соңғы жаңалықтар