Бір тәулікте коронавирус 46 адамнан анықталды – министрлік

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен бір тәулікте коронавирус инфекциясы 46 адамнан анықталды, коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдыққандар жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

12 ақпандағы мәлімет бойынша, қазір ел өңірлерінде коронавирустан 1 647 адам (коронавирус (КВИ+)–1 485, пневмония (КВИ-) – 162) емделіп жатыр. Олардың ішінде 137 пациент стационарда, 1 510 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 6 адамның жағдайы ауыр,

- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Айта кетейік, 11 ақпандағы тәулік ішінде коронавирус - 93, пневмония 4 адамнан анықталған еді.


Соңғы жаңалықтар