Бір тәулікте қолдан билет сатып жүрген 12 адам ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көлік полицейлері бір тәулікте пойызда жол жүру билетін сататын 12 тұлғаны ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың 29-31 шілдесі аралығында Көліктегі полиция департаменті «Таза вокзал» кең ауқымды акциясын өткізіп жатыр.

Көліктегі полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Байкеновтың айутынша, шараның мақсаты – «қоғамдық орындарда жармасу» фактілерін, атап айтқанда жолаушылар пойызында билеттерді алып-сатумен айналысатын тұлғаларды, заңсыз тасымалдаушыларды (такси жүргізушілері), заңсыз жүк көтеру қызметін көрсетушілерді, сауда жасаушыларды (өз тауарын тықпалайтын), қайыршылықпен айналысатын шетел азаматтарын анықтау.

«Жыл басынан бері еліміздегі әуе және теміржол нысандарында «Қоғамдық орындарда жармасу» бойынша 1508 факті тіркелді. Оның ішінде 32 факті – жолаушылар пойызына жол жүру билетін алып-сату, 223 факті - заңсыз тасымалдаушыларға (такси жүргізушілері), 693 факті заңсыз жүк көтеру қызметін көрсетушілерге, 560 факті саудамен айналысатын тұлғаларға тиесілі», - деді Жасұлан Байкенов.

Соңғы жаңалықтар