Бір тәулікте Қазақстанға 6 елден 1600-ге жуық адам ұшып келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 3 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания, Мысыр, БАӘ, Түркия, Грузия және Ресейден 14 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпаратына сәйкес, барлығы 1 592 жолаушы ұшып келген. Олардың 1321-інде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Анықтамасыз 271 адам келген, барлығы – Қазақстан азаматтары.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 7 рейс, барлығы 804 жолаушы, анықтамамен – 643, анықтамасыз – 161;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, барлығы 647 жолаушы, анықтамамен – 539; анықтамасыз – 108;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлығы 141 жолаушы, анықтамамен – 139; анықтамасыз – 2.

«Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 271 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті», - делінген мәліметте.

Соңғы жаңалықтар