Бір тәулікте 6,2 мың адам коронавирус вакцинасының екінші дозасын алды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 29 наурыздағы мәліметке сәйкес, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 453 237 адам, екінші компонентін 9 156 605 адам салдырды. ҚазАқпарат бұл туралы індеттің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Еске салайық, 28 наурыздағы дерек бойынша, коронавирусқа қарсы препараттардың бірінші дозасы 9 451 240 адамға, екінші дозасы 9 150 398 адамға егілген болатын.


Соңғы жаңалықтар