Бір тәулікте 25 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирусқа шалдыққандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес, 23 сәуірде 25 адамнан коронавирус табылған.

Одан бір күн бұрын - 34, ал оның алдыңғы күні - 86 қазақстандық аталмыш індетпен ауырған еді.

24 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 309 адам коронавирус инфекциясынан (–1 153+ және 156 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде 156 пациент стационарда, 1 153 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ-ге шалдыққандардың арасында 2 адамның жағдайы ауыр.


Соңғы жаңалықтар