Бір тәулікте 216 адам коронавирус пен пневмонияға шалдықты – министрлік

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда бір тәулікте 203 адам – коронавирус инфекциясына, 13 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. ҚазАқпарат бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

9 желтоқсандағы жағдай бойынша, ел өңірлерінде коронавирустан – 1 460 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан – 207 (КВИ-), барлығы 1 667 адам емделіп жатыр. Олардың ішінде 263 пациент стационарда, 1 404 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 7 адамның жағдайы ауыр,
- 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 4 науқас екпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Жалпы, бүгінге дейін Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналардың I компонентімен 10 851 169 адам, II компонентімен 10 615 172 адам егілді. Ревакцинацияланды – 5 676 452 тұрғын.

Еске салайық, 7 желтоқсандағы тәулік ішінде елімізде коронавирус - 219 адамнан, коронавирус пневмониясы 18 адамнан анықталған болатын,




Соңғы жаңалықтар