USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Бір тәулік ішінде елордадан 35 мың текше метрге жуық қар шығарылды

2021 жылғы 26 қараша 17:12
Бөлісіңіз:
Бір тәулік ішінде елордадан 35 мың текше метрге жуық қар шығарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы күндері елордада қар көп жауды, тек өткен күннің өзінде бұл көрсеткіш айлық жауын-шашын мөлшерін құрады. Қалалық коммуналдық қызметтер көшелерді, алаңдар мен тротуарларды тазалай отырып, тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 26 қарашада елордада қар жинау жұмыстарына 1 800-ден астам жол жұмысшысы шықты. Қарды тазалау мен шығаруға 2 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Бір тәулік ішінде қаладан қар полигондарына 35 мың текше метрге жуық қар шығарылды.

Айта кету керек, қысқы кезеңнің басынан бастап қаланың коммуналдық қызметтері кешкі және түнгі уақытта қарқынды түрде, сондай-ақ қар жинау бағыттарын түзетумен екі ауысымда күшейтілген режимде жұмыс істеуді жалғастыруда.

Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Одан әрі орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар және т. б. қардан тазартылады.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT