Бір тәулік ішінде 80-нен астам жасөспірімнің құқық бұзушылық жасағаны анықталды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 1 тәулік ішінде 80-нен астам жасөспірімнің құқық бұзушылық жасағаны анықталды.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу шарасы барысында түрлі құқық бұзушылық жасаған 80 астам бала ұсталып, ІІБ жеткізілген.

Оның ішінде 13 жасөспірім қоғамдық жерде ішімдік ішкен болса, 14 бала ҚР ӘҚБтК 434 және 435 бабтары бойынша ұсақ бұзақылық жасаған және 49 кәмелеттік жасқа толмаған түнгі уақытта қыдырып жүрген.

Осы ретте, жасөспірімді спирттік ішімдікке мас қылғаны үшін 1 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, көңіл көтеру орындарына жасөспірімдерді кіргізгені үшін 2 кәсіпкер ҚР ӘҚБтК 132 бабы бойынша жауапқа тартылды. Сондай-ақ, 21 жасқа толмаған тұлғаларға алкогольдік және темекі өнімдерін сатқан 10 факті анықталды.

Полицейлер 32 жасөспірім мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған 35 отбасын есепке қойды.

«Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу шарасы 21 қыркүйекке дейін жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар