Бір тәулік ішінде 495 әкімшілік заңбұзушылық анықталды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында бір тәуліктің ішінде 495 әкімшілік заңбұзушылық анықталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

ІІД мәліметі бойынша, өңірде кең ауқымды "Құқық тәртібі" жедел алдын алу шарасы өтуде. Мамыр мерекелері қарсаңында ұйымдастырылып отырған шараның мақсаты - қылмыспен күресті күшейту, қоғамдық тәртіппен және жол қозғалысы қауіпсіздігімен қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтарды алдын алу және ескерту болып табылады. Шараға мыңнан астам полиция қызметкері мен ішкі әскер қатарындағылар және қоғам өкілдері тартылған.

Қолға алынған шаралардың арқасында коғамдық жердегі бірде бір қылмысты көзден таса қалмады. Нәтижесінде бір тәуліктің ішінде бұрын жасалған 12 қылмыстың беті ашылды. Оның ішінде аса ірі көлемде ақшалай қаражат ұрлаған деген күдік бойынша Семей қаласының екі тұрғыны ұсталды.

Жалпы, барлығы 495 әкімшілік заңбұзушылық анықталса, оның 44-і -бұзақылық, 134-і - қоғамдық жерлерде ішімдік ішіп, мас болу фактілері болды.

Сонымен қатар ҚР келу ережесін бұзған 13 шетел азаматы және мас күйінде көлік айдаған 17 адам мен жылдамдықты шамадан тыс асырған 19 көлік жүргізуші жауапқа тартылды.

Сондай-ақ 13 қаңғыбас арнайы мекемеге жеткізілсе, 617 адам фотоға және видеоға түсіріліп, есепке алынды.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері аталған шараның сәуірдің 30-на дейін жалғасатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар