Бір сынып түгелдей бір пәнді таңдап, бәрі де мемлекеттік грант негізінде білім алуда - Батыс Қазақстан облысы

None
None
ОРАЛ. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Биыл БҚО-ның Қазталов ауданы Ғ.Молдашев атындағы орта мектебін бітірген бір сынып оқушылары түгелдей мемлекеттік грант иегері атанып,

олар қазір Астана, Алматы, Орал қалаларындағы жоғары оқу орындарында білім алуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір қызығы, он үш шәкірттің бәрі де негізгі пән ретінде физиканы таңдаған. Бұл, әрине, бір жағынан, физика пәнінің мұғалімі Болат Ахметовтің еңбегі екені даусыз. Ақтөбе пединститутының физика-математика факультетін бітірген ол отыздан жылдан астам уақыт бойы ұстаздық етіп келеді. Сүйікті пәнінен сабақ беруде іздене түсу үшін 2002 жылы мектеп директорлығынан да бас тартқан Болат Бақтығалиұлының 2005-2008 жылдары 37 шәкірті физика пәнінен грант иегерлері атанған. Шәкірттерінің алды қазір еліміздің әр түкпірінде физика пәнінің мұғалімі ретінде ұстаз жолын жалғастырып жүр.

Соңғы жаңалықтар