Бір сиыр мен бірнеше тауық АӘК тағайындауда критерий болмауы тиіс - Нұрымбетов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бір сиыр мен бірнеше тауық АӘК тағайындауда критерий болмауы тиіс. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шындығында атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау барысында малының болуы да есепке алынады. Бұл ретте критерийлерді нақты анықтап алуымыз керек. Біз қазір Ауыл шаруашылығы министрлігімен жұмыс істеп жатырмыз. Менің ойымша, бір сиыр мен бірнеше тауығының болуы отбасын ауқатты деп бағалау критерий болмауы тиіс. Себебі, 3-4 тауық пен бір сиыр сол ауылдың көрінісі, бизнестің көзі емес», - деді Біржан Нұрымбетов.

Сондықтан оның айтуынша, қазіргі уақытта Еңбек министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр.

«Біз сәл басқа бағытта жүйелі жұмыс жүргізуіміз керек. Жалпы, мәселе АӘК төлеу төңірегінде емес. Міндет - халықтың әл-ауқатын көтеру. Бүгінде ауыл тұрғындарының табысыөте төмен», - деді ол.

Осы орайда Б.Нұрымбетов Еңбек министрлігі Жамбыл облысының әкімдігімен аталған өңірде бір пилоттық жобаны қолға алғанына тоқталды.

«Үкімет бұл жобаны мақұлдады. Олар бүкіл облыста 300 мыңнан астам үй шаруашылығын зерделеген және әр отбасының қандай әлеуеті бар екендігін анықтаған. Біреулерінің пайдаланбай отырған үй жанындағы шаруашылығы бар, отбасылардың 56 пайызының малы жоқ, енді біреулері жер пайын кәдеге жаратпайды. Біз Жамбыл облысының 10 ауданынан 10 ауылды таңдап алдық. Әрбір ауылда көпбейінді кооперативтер құрдық. Олар сүт, ет шаруашылықтарымен байланыстырылған. Яғни, бұл жерде адамдарға өздерінің үй шаруашылықтары арқылы бизнес жүргізуге үйрету мақсаты бар. Ал бүгінгі проблема қандай? Адамдарға сиыр өсірумен айналыс деп шағын несие берудің еш тиімділігі жоқ. Өйткені, жем-шөп керек, етін, сүтін, терісін сататын жер керек. Сондықтан бұл мәселенің кешенді қаралғаны жөн. Ал кооперативтер оларға өндірген өнімдерін өткізуге көмек беретін болады. Біз тұрғындарға мал сатып алу үшін жылдық мөлшерлемесі 2 пайызбан шағын несие бердік», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар