«Бір секіргеннен өлтіреді»: Алматы зообағында қанша ягуар мекендейді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 29 қараша – Халықаралық ягуарлар күні. Осыған орай Алматы зообағы Оңтүстік және Солтүстік Американы мекендейтін пантера тұқымдас ягуар туралы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық ягуарлар күнінің басты мақсаты – Оңтүстік және Солтүстік Американы мекендейтін пантера тұқымдас осы жыртқыш жануарды жойылып кету қаупінен сақтау және оны қорғауға назар аудару.
«Ягуарлар халықаралық «Қызыл кітапқа» енген, көптеген елдерде қорғауға алынған. Үндістер тілінен алғанда «ягуар» сөзі «бір секіргеннен өлтіреді» деген мағына береді. Бұл оның жемтігіне шабуыл жасау қимылына дәл келеді», - деп жазды Алматы хайуанаттар бағы Instagram-дағы парақшасында.
Алматы зообағының мәліметінше, бүгінгі күні бақта 6 ягуар бар.


Фото: instagram.com/almatyzoo


Соңғы жаңалықтар