+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Бір өкімге 500 мың теңге - жаңаөзендік судья парақорлық дауға ілікті

2019 жылғы 4 сәуір 17:31
Бөлісіңіз:
Бір өкімге 500 мың теңге - жаңаөзендік судья парақорлық дауға ілікті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық сотының судьясы 500 мың теңге көлемінде пара алды деп айыпталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Маңғыстау облысындағы департаменті ҚР Жоғарғы соты Ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлескен кешенді арнайы жедел-іздестіру шаралары мен жасырын тергеу жұмыстары нәтижесінде Жаңаөзен қалалық соты судьясының парақорлық фактісін анықтады. Лауазымды тұлға Жаңаөзен қаласы әкімдігі Жаңаөзен жер қатынастары бөлімінің талап қоюын қараусыз қалдыру туралы өкім шығару үшін Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қызметкері арқылы екі азаматтан 500 мың теңге пара алғаны үшін күдікті деп танылды», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының баспасөз хатшысы Арман Бердалин елордада өткен брифингте.

Ұлттық бюроның мәлімдеуінше, судьяға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT