Бір нөмірде бірнеше ЖСН – Праймеризде қандай ережелер бұзылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясының ішкі сайлауынан 34 үміткер шығарылды, оның 28-і пікірталасқа қатыспаған. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде 34 үміткер праймеризден шығарылды, оның 28-і пікірталасқа қатыспаған. Бұл – әрине үлкен ереже бұзу болып саналады, сондықтан бұл үміткерлер автоматты түрде шығарылды», - деді Павел Казанцев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, қалған алты үміткердің де өрескел ереже бұзғаны анықталды.

«Мұнда әр түрлі кемшіліктер анықталды. Партия мүшелігіне қабылдау тәртібі сақталмаған, яғни қосымша дауыс жинау үшін бастауыш партиялық ұйымдарды ойдан құрған. Одан кейін жалған телефон нөмірлерін қолданып, бір нөмірге бірнеше ЖСН тіркеп қойған немесе түрлі ЖСН түрлі нөмірлермен дауыс берген, sim-карталардың барлығы тамыз айында сатып алынған. Алдау жолымен дауыс жинағандар да бар», - деп түсіндірді Павел Казанцев.

Барлық анықталған бұзушылықтарға тексеру жүргізілді және айыптылар жауапқа тартылды.

Еске сала кетсек, «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбай «Праймериз 2020» ішкі партиялық іріктеуінің негізгі қорытындысын баяндады.

Оның айтуынша, праймеризге ұзын саны 10 990 кандидат қатысқан және оның 7 143-і өзін-өзі ұсынған. Үміткерлердің орташа жасы – 43. Оның 36,7% астамы – әйелдер, 29% – 35 жасқа дейінгі жастар болды.

ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Ерлан Сайыров әлеуметтік желіде белсенді болғандардың праймеризде неге жеңіліп қалғанын түсіндірді.


Соңғы жаңалықтар