+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Бір мұғалім – бір камера: Биыл мұғалімдер ұлттық тестілеуден қалай өтеді

2020 жылғы 4 маусым 17:15
Бөлісіңіз:
Бір мұғалім – бір камера: Биыл мұғалімдер ұлттық тестілеуден қалай өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл мұғалімдердің ұлттық біліктілік тестілеуі «Бір мұғалім – бір камера» қағидасы бойынша өтеді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тестілеу қағаз түрінен компьютерге көшті. Осылайша тест барысын одан ары жіті бақылауға мүмкіндік туып отыр. Яғни өткен жылда 100 адам отыратын бір аудиторияда 3-4 камера болса, қазіргі қағида - «бір адам – бір камера». Осы формат бақылауды күшейтуге өте зор мүмкіндік береді», - деді Дидар Смағұлов онлайн баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 2019 жылы мамыр айында өткен ұлттық біліктілік тестілеу кезінде тыйым салынған 20 412 зат табылған.

«Ал қараша айында жаңа форматта өткен тестілеуде тек 750 тыйым салынған зат анықталды. Яғни бұл жағдай бірнеше есе қысқарды. Сонымен бірге біздің жұмысымыздың ашықтығын нығайту үшін арнайы мониториг тобы жасақталды. Сыбайлас жемқорлық агенттігімен құрылған арнайы мониторинг тобы әрқашан бізбен бірге тестілеуді бақылайды», - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Шолпан Қаринова биыл ұлттық біліктілік тестілеуден 160 мыңнан астам мұғалім өтетінін хабарлаған болатын. Тестілеуден өткен мұғалімдердің жалақысы 1 қыркүйектен бастап көтеріледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT