Бір мандатты округтер бойынша Ұлытау облыстық мәслихатына кімдер сайланды

None
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат - Аумақтық сайлау комиссиясы бір мандатты округтер бойынша Ұлытау облыстық мәслихатына өту үшін қай кандидаттардың басым дауыс жинағанын жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі өңір әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлытау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бахыт Битенова бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша 40 кандидат сайлауға түскенін атап өтті.

Комиссия дерегінше, бір мандатты округтер бойынша мына кандидаттар Ұлытау облыстық мәслихатының депуттатығына өткен:

№1 сайлау округі бойынша – Гүлмира Каженова;

№2 сайлау округі бойынша – Аяна Мүкеева;

№3 сайлау округі бойынша – Еркебұлан Бодықов;

№4 сайлау округі бойынша - Силар Қияқбаев;

№5 сайлау округі бойынша - Светлана Жумкина;

№6 сайлау округі бойынша - Абзал Жиенбаев;

№7 сайлау округі бойынша - Мұхтар Бақбергенов;

№8 сайлау округі бойынша - Ержан Тоқымбаев;

№9 сайлау округі бойынша - Алия Аяпбергенова;

№10 сайлау округі бойынша – Артем Ким;

№11 сайлау округі бойынша - Жәнібек Рыспеков;

№12 сайлау округі бойынша - Қанат Мұқанов;

№13 сайлау округі бойынша - Мұрат Мәткенов.

Еске салайық, бұған дейін Ұлытау облысы бойынша партиялық тізім негізінде өткен мәслихат сайлауының қорытындысы шыққан болатын.

Соңғы жаңалықтар