ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Бір мандатты округтер бойынша Қонаев қаласы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылар тізіміне 48 502 азамат енгізілді. Дауыс беруге 12 090 адам қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 39.
Сайлау қорытындысында бір мандатты округтер бойынша мәслихат депутаты болғандардың тізімі:
№1 сайлау округі бойынша – Садықов Болат Таутенұлы, 1969 жылы туған, зейнеткер, Қонаев қаласының тұрғыны;
№2 сайлау округі бойынша – Қамбарова Алмагул Төлеуханқызы, 1977 жылы туған, қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры, Қонаев қаласының тұрғыны;
№3 сайлау округі бойынша – Рақышева Айман Ғалымжанқызы, 1970 жылы туған, қалалық көпсалалы ауруханасының директоры, Қонаев қаласының тұрғыны;
№4 сайлау округі бойынша – Салықова Ляззат Иманғалиқызы, 1981 жылы туған, «Қамқор жүрек» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қонаев қаласының тұрғыны;
№5 сайлау округі бойынша – Нұржанов Серикбай Шәмшіұлы, 1966 жылы туған, «AES Security» ЖШС-нің директоры, Қонаев қаласының тұрғыны;
№6 сайлау округі бойынша – Джарлаев Рустам Имамович, 1978 жылы туған, «Қапшағай аймағының газ жүйелері» ЖШС-нің директоры, Қонаев қаласының тұрғыны;
№7 сайлау округі бойынша – Ахметтаев Қайрат Нұраханұлы, 1961 жылы туған, көпсалалы қалалық ауруханасының дәрігер - сарапшысы, Қонаев қаласының тұрғыны;
№8 сайлау округі бойынша – Ыбраев Алтынбек Еркінбекұлы, 1981 жылы туған, кәсіпкер, Қонаев қаласының тұрғыны;
№9 сайлау округі бойынша – Исканова Гүлжан Батырбекқызы, 1977 жылы туған, «LaFERME» ЖШС директоры, Қонаев қаласының тұрғыны;
№10 сайлау округі бойынша – Қашағанов ЕрланТемірғалиұлы, 1981 жылы туған, «Қамқор және К» ЖШС-нің директоры, Қонаев қаласының тұрғыны;
№11 сайлау округі бойынша – Волженин Александр Станиславович, 1967 жылы туған, «СД и Ко» ЖШС-нің өндіріс директоры, Заречный ауылының тұрғыны;
№12 сайлау округі бойынша – Игісенов Иманғали Рақымбердіұлы, 1961 жылы туған, Қ.Жалайыр атындағы №6 орта мектебінің мұғалімі, Шеңгелді ауылының тұрғыны.