Валюта бағамдары:
    usd/kzt 447.9 eur/kzt 482.16

    rub/kzt 5.54 cny/kzt 63.46
Ауа райы:
Астана+36+38℃
  Jańalyqtar  >

Бір мандатты округтер бойынша Астана маслихатына кімдер депутат болды – комиссия қорытындысы

2023 жылғы 24 наурыз, 18:07

АСТАНА. ҚазАқпарат – Аумақтық сайлау комиссиясы бір мандатты округтер бойынша Астана қаласы маслихатына өту үшін қай кандидаттардың басым дауыс жинағанын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бахыт Бектемісова бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша 143 кандидат сайлауға түскенін атап өтті.

Комиссия дерегінше, бір мандатты округтер бойынша мына кандидаттар Астана қаласы маслихатының депуттатығына өтті:

№1 сайлау округі бойынша - Владислав Сергеев;

№2 сайлау округі бойынша - Динара Байсеркин;

№3 сайлау округі бойынша - Азамат Өмірзақов;

№4 сайлау округі бойынша – Мадина Әжікенова;

№5 сайлау округі бойынша – Азамат Айтқожин;

№6 сайлау округі бойынша – Нұрлан Көпешов;

№7 сайлау округі бойынша - Салтанат Жаналаева;

№8 сайлау округі бойынша - Қанат Естеп;

№9 сайлау округі бойынша - Бахаргүл Төлеген;

№10 сайлау округі бойынша – Нұрлан Мүсілім;

№11 сайлау округі бойынша - Азамат Орынбасаров;

№12 сайлау округі бойынша – Сәуле Саймидин;

№13 сайлау округі бойынша – Ғабит Тәжімұратов;

№14 сайлау округі бойынша – Давид Лория;

№15 сайлау округі бойынша – Бауыржан Смайылов;

№16 сайлау округі бойынша – Талғат Ерғалиев;

№17 сайлау округі бойынша – Жандос Рахмет.

Еске салайық, Астана қаласы бойынша мәслихат депутаттары сайлауының қорытындысы шықты.


Автор:

Әлихан Асқар

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар