Бір мандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бір мандатты округтер бойынша саяси додаға түскен 370 кандидаттың 104-іне сайлау жарнасы қайтарылады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс сайлауына қатысқан 370 кандидаттың 104-іне сайлау жарнасы қайтарылады. Қалған 266 үміткер 5%-дан аз дауыс жинады. Сайлау жарнасы екі партияға да қайтарылады. Олар – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы мен Respublica партиясы. Ал «Байтақ» жасылдар партиясы межелі дауысты жинай алмады. Қалған партиялар Конституциялық заңның 88-бабына сәйкес, сайлау жарнасын енгізбеді. Өйткені, олар бұрын Мәжіліс сайлауына қатысқан және 5 немесе одан да көп пайыз дауыс жинаған. Сондықтан олар сайлау жарнасын төлемейді», - деді ол.

Айта кетейік, бір мандатты округтер бойынша Мәжілістің мандатына үміткерлер 1 млн 50 мың теңге мөлшерінде сайлау жарнасын төлеуі тиіс.


Соңғы жаңалықтар