Бір күнде үш адам суға батып кетті - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында бір күнде үш адам суға батып кетті. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

ТЖД мәліметі бойынша 6 шілде күні күндізгі сағат 14:15 шамасында Целиноград ауданының Қоянды елді мекенінде Астана қаласындағы медициналық университеттің 4-і курс студенті 1993 жылғы Е.Балғабай Қоянды өзеніне шомылған кезінде суға батып кеткен. Дәл сол күні осындай қайғылы оқиға Қаражар ауылында да тіркелген. Сағат 15:40 шамасында 18 жасар Астана қаласының тұрғыны Сарқырама өзеніне батып, ажал құшты.

Ал кешкі 19:30 шамасында Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында Есіл өзеніне шомылған 1973 жылы туылған ер адам да суға батып кетті.

Соңғы жаңалықтар