Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 5 науқас көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес, 1 наурыз күні Қазақстан аумағында 4 науқас - коронавирустан, тағы бір адам - пневмониядан қайтқан.

Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Жамбыл және Павлодар облыстарында коронавирустан бір адамнан көз жұмған.

Нұр-Сұлтан қаласында бір науқас пневмониядан ажал құшты.

Еліміздің басқа өңірлерінде қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ.


Соңғы жаңалықтар