Бір күнде елімізде 72 коронавирус пневмониясы тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 27 желтоқсандағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«27 желтоқсанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 72 жағдай және 1 науқас өлімі тіркелді. Коронавирус пневмониясынан 119 адам емделіп шықты», делінген хабарламада.

2020 жылдан бастап барлық ауырғандар саны – 84 089. 5 214 адам өлімі тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 76 852-ке жетті.


Соңғы жаңалықтар