Бір күнде елдегі өзен-көлдерден 95 км тор табылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы су қомайларынан бір айдың ішінде 395 шақырым тор табылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елдегі-өзен көлдердің браконьерлерден қандай зардап шегіп жатқаны туралы айтты.

«Мамыр айында өткізген акция кезінде Қазақстандағы су қоймаларынан 395 шақырым ау табылды. Жуықта осы жұмыстарды қайта жандардық. Алдағы уақытта өзен-көлдерді тағы бір тазалап шығамыз. Бұл іске жергілікті тұрғындар да атсалысса дейміз. Өткен сенбіде 79 су қоймасын тазаладық. Бір күнде 95 шақырым қытайлық тор табылды. Күн сайын осылай тазаласақ, сан өсе беретін түрі бар. Бұл іске барлықтарыңызды қатысуға шақырамын. Өйткені, өлкеміздің табиғи алуандығын сақтау экожүйенің тұтастығымен тікелей байланысты шаруа», - деді Ерлан Нысанбаев.

Соңғы жаңалықтар