Бір күнде екі бүлдіршін терезеден құлап, ауруханаға жеткізілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның екі өңірінде балалар терезеден құлап, ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәселен, 29 наурыз күні сағат 16:40 шамасында Қарағанды облысының Саран қаласында 1А ықшам ауданында 2020 жылы туған қыз бала 4-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен.

Қайғылы сәтте үлкен балалар үйде болды. Қыздың жағдайы ауыр.

29 наурыз күні сағат 20:26-да 112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы ағайынды Жұбановтар көшесіндегі 5-ші қабаттағы пәтер терезесінен 2021 жылы туған қыз баланың құлап кеткені туралы хабар түскен.

Қыз бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

ТЖМ ата-аналарға ескерту жасады:

- кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

- бала терезенің алдына шыға алмауы үшін жиһазды терезенің жанынан алып тастаңыз;

- москит торына сенбеңіз! Олар баланы қорғауға арналмаған;

- балаға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіш қойыңыз;

- ашық терезенің жанында болу қаупі туралы балаларға түсіндіріңіз;

- егер бекіткіш құрылғы орнату мүмкіндігі болмаса, терезенің тұтқасын алып тастап, оны тек қажет болған жағдайда орнатыңыз.


Соңғы жаңалықтар