Бір күнде 47 қазақстандық коронавирустан көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес 16 шілде күні Қазақстан аумағында 47 адам - коронавирустан, тағы 2 адам - пневмониядан қайтқан.

Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында тіркеліп отыр - 11 науқас.

Қарағанды мен Батыс Қазақстан облыстарында - 7, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау облысында - 4, Павлодар және Ақмола облыстарында - 3, Маңғыстау облысында - 2, Алматы және Қостанай облыстарында - бір адамнан қайтыс болған.


Соңғы жаңалықтар