USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Бір күнде 4 мыңға жуық алматылық вакцина алды

2021 жылғы 26 қазан 11:01
Бөлісіңіз:
Бір күнде 4 мыңға жуық алматылық вакцина алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 3953 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ревакцинация: ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты Шығыс Қазақстанда 33 мыңға жуық адам Pfizer вакцинасын салдырды Pfizer вакцинасы жайлы жиі қойылатын сұрақтарға мамандар жауап берді

«25 қазан күні 3953 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін - 1472, II компонентін – 2481 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 25 қазан аралығында қалада 988 513 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 929 284 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 120 203 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 137 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT