Бір күнде 18 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар туралы мәліметті жариялады.

Оған сәйкес, өткен тәулікте 18 адам коронавирус жұқтырған.

Қазір 949 адам коронавирус инфекциясынан (–818+ және 131 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде 109 пациент стационарда, 840 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

- 4 адамның жағдайы ауыр

- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр

- бір науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Соңғы жаңалықтар