08:41, 28 Қазан 2021 | GMT +6
Бір күнде 148 адам пневмонияға шалдықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда қанша адамның пневмонияға шалдыққаны мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
26 қазан күні коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 148 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді.
Оған қоса 202 адам емделіп шықты.
2020 жылғы 13 наурыздан бергі статистика: ауырғандар - 79 116, 5022 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 68 200 жетті.