Бір көзінен айырылған бойжеткеннің еміне 5 күн ішінде 7 млн теңге жиналды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Он жыл бұрын  сол жанарын отшашу ойып кеткен Римманың еміне 5 күн ішінде 7 млн жиналған. Бұл туралы танымал блогер Айдын Тоқсанбаева ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

Асқарова Римма Оралбекқызы 1997 жылы маусымның 5-ші жұлдызында дүниеге келген. 2009 жылы жарамсыз отшашудың кесірінен сол жақ жанарына зақым келіп, беткі қабатын күйік шалғандықтан, көзі көру қабілетінен айырылады. Римма өткен 2017 жылға дейін  Қазақстанда ақылы және ақысыз түрде шамамен 9 ота жасатады. Нәтижесіз отадан кейін үмітін үзген бойжеткен ел көзінен таса жүруді жөн көреді. Сол көзін үнемі шашымен жауып қояды. Алайда, достары қолдау білдіріп, халықтан жәрдем сұрауға ой салады. Көмек сұрағандардың ішінен Риммаға алғаш қол созғандардың бірі әлеуметтік желідегі белсенді блогер, қайырымдылық шараларының ұйымдастырушысы Айдын Тоқсанбаева еді. 

Оның айтуынша, көзінің пердесі зақымданған бойжеткеннің қарашығы аман. Сондықтан Израильде жасалатын кешенді отадан кейін көзінің көру қабілеті орнына келеді. Шетелде жасалатын отаға 16 млн қаражат керек екен. 

«Римманы өзім 5 күн ғана танимын. Осы  аз күннің  ішінде 7 миллион ақша жинадық. Римма маған алғаш хабарласқан кезде өзінде  1 жарым миллиондай болды. Әлеуметтік желіде жазба жариялап, шаралар ұйымдастырдық. Мен бұрыннан мұндай шараларды ұйымдастырып жүрген соң халық сенім артып, атсалысты. Құлпынайдың жәшігін 2500 мыңға алып, 7000 ға сатып, жеткізіп бердік.  Бір отбасы бір жәшік құлпынай сатып алып, баларының копилкасын қосып берді. Оның ішінен 25 мың теңге ақша шықты. Бір кісі Фейсбуктен жазбамды оқып, жүз мың теңгесін Риммаға апарып берді. Кеше Римманың  туған күнінде орталық мешіт алдында құлпынай саттық. Адамдар тәттісін, сыйын ұсынып қызымыздың көңілін көтерді. Шелек елді мекенінің оқушы балалары көшеде жүріп  қайырымдылық акциясын жүргізіп, 100 мың теңгедей жинап берді. Бұдан бөлек өзіміз көшеде өлең айтып, орталық саябақта жүріп 200 мыңдай ақша жинадық, бүгін санағанымызда барлығы 8 500 000 миллиондай  жиналып тұр», - деді блогер.

null

Қайырымдылық шарасын ұйымдастырушы емге қажетті қаражаттың қалған жартысын ораза айының соңына дейін жинайтын ниеті бар екенін айтты.

«Алдағы уақытта  қайырымдылық тойын ұйымдастырмақпыз. Бізге тегін тойхана берілейін деп жатыр. Азық түлігімізді апарсақ, сол жердегі аспаз тамақты тегін жасап бермек. Билеттерді сатып, жиналған ақшаға қосамыз. Рамазан айы аяқталғанша бірнеше шара ұйымдастырып, қажетті соманы шығарамыз деген ойдамыз», - деді Айдын Тоқсанбаева.

Көмек қолын созып, қайырымдылық танытамын деушілерге Римма Асқарованың жеке есепшоттарын ұсынамыз.

Qiwi:+77076566563

Kaspi Gold: 5169 4931 0114 9113

ИИН: 970605400709

Қосымша сұрақтармен Айдын Тоқсанбаның жеке нөміріне хабарласуға болады: 8-701-066-66-55

nullnull

Соңғы жаңалықтар