Бір клубтағы 65 адамның бәрі әкімшілік жауапкершілікке тартылды - ІІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Карантин талаптарын бұзған Алматыда 5, Нұр-Сұлтанда 4 түнгі клуб анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ескертулерге қарамастан карантин режимін бұзып ұсталып жатқандар бар. Мәселен елордада қыркүйектің 25-нен 26-на қараған түні жұмыс істеп тұрған 4 түнгі клуб анықталды. Олардың бірінен ғана тексеру кезінде 65 адам анықталып, олардың бәрі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Дәл осындай жағдай Алматыда да тіркеліп, ол қалада 5 түнгі клубтың жұмыс істегені белгілі болды. Олардың бәрі де жабылып, жауапты адамдардың бәрі де жазаланды», - деді Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша маска режимін бұзған 11 800 адам анықталған.

Еске сала кетсек бұған дейін Ерлан Тұрғымбаев құқық қорғау органдары елде карантин режимін күшейтуге дайын екенін мәлімдеген болатын.


Соңғы жаңалықтар