Бір ескі аккумулятордан бір жаңа аккумулятор жасалады - Нұраxметов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ӨКМ Операторы» ЖШС (Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері) өндірістік директоры Айдын Нұраxметовтің айтуынша, ескі аккумуляторларды қайта өңдеу кәсібі - табысты бизнес. Себебі озық теxнологияның арқасында бір ескі аккумулятордан бір жаңа аккумулятор жасалады. Алайда солтүстік аймақтарда жиналатын ондай өнімнің басым бөлігі Ресей жаққа кетіп жатады. Содан Қазақстанға дайын тауар болып қайтып келеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Мәселен, бізде оңтүстік жақта ескі аккумуляторларды қайта өңдейтін жақсы бір өндіріс орны бар. Ол жерде итальяндық теxнология орнатылған. Жаңағы зауыт ескі аккумуляторларды жаппай сатып алады да, оны өңдеп, жаңа аккумулятордарды шығарады. Теxнологиясы былай, ескі аккумуляторлардың барлығын әкеліп, бір қондырғыға қотарып тастайды. Сол жерде оның бәрін үгітіп алады, электролит бөлек, пластмас бөлек, қорғасын бөлек кетеді. Сосын жуып, тазалап, су жаңа аккумуляторларды шығарады. Сөйтіп, бір ескі аккумулятордан бір жаңа аккумулятор жасалады», - А.Нұраxметов.

Оның айтуынша, кез келген көлік аккумуляторының заряды сарқыла бастайды. Сол кезде оны ескі аккумуляторларды қабылдау бекеттеріне тапсыруға болады. Бағасы 4-5 мың теңге. Ал одан шығатын жаңа аккумулятордың құны әлдеқайда қымбат. Сол себепті бұл табысты бизнес көзі болып саналады. Дегенмен, солтүстік және батыс аймақтарда жиналатын ескі аккумуляторлардың басым бөлігі Ресей жаққа ауып кетеді. Себебі ол жердің сатып алушылары жоғары баға қойып жатады. Ал қазақстандық өндірістер үшін ескі аккумуляторларды солтүстіктен оңтүстікке тасыған тиімсіз. Осы орайда отандық өндірістерге қолдау шаралары қажет.

Соңғы жаңалықтар