Бір бағыттағы көшелерде жол апаты азайған - Алматы полициясы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Жергілікті полиция қызметі бір бағытты көшелерге қатысты арнайы талдау жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Статистикалық деректерге сәйкес, 2017 жылы бір бағыттық қозғалыс енгізілмей тұрғанда Құрманғазы көшесінде - 49, Шевченко көшесінде - 53 жол апаты болған.

Ал биыл, бір бағыттық қозғалыс енгізілгелі бері Құрманғазы көшесінде - 20, Шевченко көшесінде - 13 жол апаты болды.

«Қазіргі таңда бұл көшелерде жол қозғалысы тұрақты. Барлық бағыттағы көліктер жол апатынсыз, кептеліссіз жүріп жатыр. Осы уақыт аралығында аталған көшелердің бойындағы автотұрақтарды реттестіріп үлгердік. Полиция қызметкерлері жүргізген рейдтер нәтижесінде атожүргізушілер де бұл өзгеріске тез бейімделіп кетті», - деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қала әкімдігі кіші көлік айналма шекарасындағы Жамбыл, Қарасай батыр, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Гоголь, Мұратбаев және Шәріпов көшелеріне бір бағыттық көлік қозғалысын енгізбек.

Бұл өзгерістер көліктен келетін қауіпті 50% азайтуға, апатты жағдайларды қысқартуға, негізгі магистральды көшелерде көлік өткізу қабілетін арттыруға ықпал етеді.

 

 

Соңғы жаңалықтар