+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Бір айдан кейін WhatsApp миллиондаған смартфонда өшеді

2016 жылғы 4 желтоқсан 01:43
Бөлісіңіз:
Бір айдан кейін WhatsApp миллиондаған смартфонда өшеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үстіміздегі желтоқсан айының соңында WhatsApp қосымшасы миллиондаған ескі смартфондарда қолжетімсіз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

telegraph.co.uk WhatsApp-тың баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сілтеме жасап жазуынша, жыл соңында WhatsApp қосымшасы Android, Windows және iOS операциялық жүйелерімен басқарылатын телефондарда өшетін болады. Ескі смартфондар алдағы уақытта сервисте әзірленіп жатқан жаңа мүмкіндіктерді орындай алмайтындықтан осындай шешім қабылданған.

Аталмыш сервисті Android 2.1\2.2, Windows Phone 7, сондай-ақ iPhone 3GS\iOS6 операциялық жүйелерімен басқарылатын смартфондар пайдалана алмайтыны нақтыланып отыр. Ал 2017 жылдың маусым айында WhatsApp BlackBerry, сонымен қатар Symbian S40 және S60 фирмалық платформалары бар Nokia телефондарында өшетін болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT