Бір айда астанада 244 көлік айып тұрағына қойылған

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласындағы жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Нұрлан Қапаров «Қауіпсіз жол» шарасының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«19 шілде мен 18 тамыз аралығында өткен «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 9 142 дерегі анықталды.

«Қорғау» қосымшасын пайдалану арқылы 466 жүргізушіге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хабарлама жіберілді», - деді аға инспектор.

Сондай-ақ бір айда көлікті мас болып жүргізген 69 жүргізуші ұсталған.

«Апатты жағдай тудырған 204 заң бұзушылық анықталды. Қарсы жолаққа шыққаны үшін 41 жүргізуші, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өткені үшін 264 жүргізуші, жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін 1 809 жүргізуші, жолаушыларды заңсыз тасымалдаған 48 жүргізуші жауапқа тартылды. Барлығы 244 автокөлік айып тұрағына жіберілді», -деді Нұрлан Қапаров.

Айта кету керек, биыл астаналықтарға «Сергек» камералары арқылы 3,2 млрд теңге айыппұл салынған.


Соңғы жаңалықтар