+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.16 EUR 425.95
RUB 6.01 CNY 54.51
Jańalyqtar

Бір ай бұрын жоғалып кеткен Ресей тікұшағы тундрадан табылды

2019 жылғы 8 қыркүйек 15:53
Бөлісіңіз:
Бір ай бұрын жоғалып кеткен Ресей тікұшағы тундрадан табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бір ай бұрын жоғалып кеткен Ми-2 тікұшағы Краснояр өлкесінің Дудинка қаласының маңынан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

«7 қыркүйекте Таймыр муниципалдық ауданы Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметіне жергілікті тұрғындардан Дудинка қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 47 шақырым қашықтықта өртеніп кеткен тікұшақ табылғаны туралы хабар түскен. 8 қыркүйекте Мәскеу уақытымен 04:50-де тікұшақ құлаған жерге Өңірлік үйлестіру іздеу-құтқару орталығының тікұшағы келді. Қазіргі таңда тергеу шаралары жүріп жатыр. Аппараттың апатқа ұшырап, жанып кеткені расталды», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Сібір авициялық іздеу-құтқару орталығы оқиға орнынан екі адамның мәйіті табылғанын хабарлады.

«Екі мәйіт, яғни мәйіт қалдықтары табылды. Әуе кемесі толықтай қирап, жанып кеткен», - деді агенттік дереккөзі.

Қазіргі таңда тікұшақтың 11 тамызда Новый Уренгойдан Дудинкаға ұшып бара жатып, жоғалып кеткен әуе кемесі екендігі тексеріліп жатыр.

Өлкелік ТЖМ дерегі бойынша, ұшырылым әуе көлігі органдарының келісімінсіз жүзеге асырылған, оның нақты бағыты белгісіз. Әуе кемесінің бортында 3 адам болған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT