Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Бір ай бұрын шұңқырға түсіп кеткен ақтөбеліктің денесі табылды

2018 жылғы 5 желтоқсан 16:22 851
Бөлісіңіз:
Бір ай бұрын шұңқырға түсіп кеткен ақтөбеліктің денесі табылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде шұңқырға түсіп кеткенін хабарлағаннан кейін жұрт ұзақ іздеген Кенжебай Алдашевтың денесі бүгін табылды. Еріктілер бір ай бойы іздеу жүргізіп, Ақшат ауылы маңындағы шұңқырдан 54 жастағы ер адамның денесін алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркиядағы пойыз апатынан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ -Елшілік Анкарада жүрдек пойыз жерасты өткеліне соқтығысты

«Іздеу жұмыстарына қатысқан еріктілер жарты сағат бұрын шұңқырдан Кенжебай Алдашевтың денесін тапты. Ол өзі хабарлағандай, Ақшат ауылы маңындағы шұңқырдан табылды. Еріктілер 10 қарашадан бастан күні бүгінге дейін күн сайын іздеуге шықты. Біздің іздеу тобымызда 30 ерікті бар. Әр күні 3, кейде одан да көп адам қатарымызға қосылды», - дейді Ақтөбедегі іздеу еріктілер тобының жетекшісі Екатерина Голотина.

Айта кетейік, 54 жастағы Кенжебай Алдашев өзінің шұңқырда екенін айтып, көмек сұраған болатын. Іздеу жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметі мен полиция, еріктілер, тума-туыстары қосылды. Ал отбасы тауып берген адамға сыйақы тағайындаған болатын.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Ақтөбе облысы, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT