Бір авантюраның хикаясы: Қазақ жігіттері террористік тұзаққа қалай түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Qazaqstan» телеарнасы «Тұзақ. Бір авантюраның хикаясы» атты деректі фильм түсірді. Онда «Халифат сарбаздары» атты радикалды топтың қалай құрылғаны және оған қатысқан қазақ жігіттерінің қандай авантюраға барғаны туралы баяндалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2011 жылы «Халифат сарбазары» деген атауы қорқынышты құпия радикалды топтың пайда болуы және Қазақстан қалаларындағы террористік сипаттағы түрлі оқиғалардың орын алуы ел ішінде үрей туғызды. Әрине, бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан Қазақстан үшін ол күтпеген және тосын жағдай болды. Қазақстан қашанда аймақтағы тыныштықтың бесігі саналған, өзінің ішкі және сыртқы саясатында бейбіт ұстанымдарды сақтаған ел болатын. Енді, бұл қауіп-қатер біздің елімізге де келгендей еді. «Халифат сарбаздары» деген кімдер? Бұл топ не үшін және қандай мақсатта құрылды? Сол кезде қандай да бір толық көлемді ақпараттың жоқтығынан қоғам ішінде әртүрлі жорамалдар, тіпті қауесет әңгімелер де пайда болды. Сарапшылардың бұл сұраққа жауабы болмағандықтан, біз өз зерттеуімізді бастауға шешім қабылдадық», - дейді «Қазақстан» ТРК басшысы, жоба жетекшісі Ерлан Қарин.

Жоба авторлары журналистік зерттеу жүргізіп, «Халифат сарбаздарының» негізгі идеологтарына дейін сараптама жасап шықты. Шығармашылық ұжым аталған топты құрғандармен сұхбаттасып қана қоймай, Ауғанстанның қауіпсіздік басқармасының басшысымен, сондай-ақ шетелдің белді сарапшыларымен де кездесті. Деректі фильмде ҚР Қауіпсіздік қызметінің бұған дейін еш жерде жарияланбаған видеоматериалдары қолданылды. Онда адасқан ағымның жетегінде кетіп, ендігі күні елімізде жаза мерзімін өтеп жатқан «Халифат сарбаздарының» қазіргі кездегі сұхбаты мен олардың өкінішке толы өмірін суреттейді. 

Соңғы жаңалықтар