Бір аудан құрсақ, басқалары да бұл мәселені көтереді – Жеңіс Қасымбек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өңірде бірнеше ауылға аудан мәртебесін беруді талап еткен тұрғындар уәжіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімнің айтуынша, облыста 4 ауыл аудан мәртебесін беруді сұрап отыр. Мұндай мәселені таяуда Егіндібұлақ ауылының тұрғындары да көтерген.

«Бұл мәселе тек аталған ауылда ғана емес. Бүгінгі таңда Молодёжный, Қарсақбай, Ағадыр және басқа да аудан орталықтары бұл мәселені көтеріп жатыр. Аталған проблема тек Егіндібұлақта ғана шешілмейді. Мұны жалпы мемлекет бойынша қарау керек. Бір ауданды құрсақ, бұл прецедент болады. Басқа да бұрын аудан орталықтары болған елді мекендер бұл мәселені көтереді. Мына бір ауыл үшін бұл мәселені көтеруге болмайды», - деді Қарағанды облысының әкімі.


Соңғы жаңалықтар