Бір аспанның хикаясы: Димаш Құдайбергеннің жаңа клипінің тизері шықты

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 24 қыркүйекте Димаш Құдайбергеннің Алматыдағы тыңдармандармен фан-кездесуінде «Бір аспанның хикаясы» клипінің премьерасы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында әншінің Instagram парақшасынан белгілі болды.

«Димаш Құдайбергеннің 12 минуттық жұмысы планетамыздағы адамдардың тату тіршілігіне арналған. Біз нәсілге, ұлтқа, дінге бөлінеміз, бірақ бәріміз бір планетаның перзентіміз және бір аспан астында өмір сүріп жатырмыз. Өмір – ең жоғары құндылық. Ешқандай қасиетті кітап адам өлтіруге үндемейді. Біз дос болуды үйренуіміз керек, өйткені бір-екі ересек адамның кесірінен миллиондаған бала азап шекпеуі тиіс. Ғаламшарымыздың болашағы, адамзаттың болашағы өз қолымызда, әлемде тыныштық болсын. Біз бір үйдің, бір жердің, бір аспанның балаларымыз», - деп жазды Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің хикаясына негізделген музыкалық бейнебаянды 24 қыркүйектен бастап тамашалауға болады.




Соңғы жаңалықтар